• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2016

Жас кәсіпкер Елбасыға  отандық қолсағатты сыйға тартты

253 рет
көрсетілді

Елордада ұйымдастырылған республикалық жастар форумына қатысып, Елбасының алдында сөз сөйлеген белсенді азаматтардың бірі - Арман Досханбаев деген жас кәсіпкер. Ол алғашқы кәсібін 17 жасында бастапты. «Мен ол кезде Қарағанды қаласында компьютерлік техника бойынша жеке кәсібімді ашып, соны дөңгелеттім. Айына 300 мың теңгеге жуық қаржы табатынмын. Ол мектеп оқушысы үшін үлкен табыс еді. Қазір жасым 25-те. Менің 4 компаниям бар. Оның біреуінің өзінен жылына 168 миллион теңге қаражат түседі. 33 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді», - деді ол. Сонымен қатар, Арманның «Отан» брендімен сағат жасайтын кәсіпорны бар екен. «Бұл кәсіпорным «Қазақстанда жасалған» жобасын іске асыруға үлес қосуда. Сіздің тапсырмаңызбен жүзеге асырылып жатқан «Бизнес 2020» Бағдарламасының арқасында біздің кәсіпорын үлкен серпіліс алды. Осы үшін сізге зор алғыс айта отырып, өзіңізге арнап жасаған қолсағатты сыйға тартуға рұқсат етіңіз»,- деді Арман Досханбаев. Ал  Президент жас кәсіпкердің сыйлығын ерекше ықыласпен қабыл ала отырып, «Жарайсың! Енді біз швейцарлық емес, өзіміздің сағатымызды  тағатын боламыз», деп өз ризашылығын білдірді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Суреттерді түсірген: Ерлан ОМАРОВ